2025 жылғы тамыздың 22 мен 31-і аралығында Алматыда Qyzqaras Film Festival екінші халықаралық тәуелсіз кинофестивалі өтеді. Бұл мәдени шара кино әлеміндегі әйелдердің қатысуы мен ықпалы тақырыбына тағы да назар аудартады. Іс-шараның негізгі мақсаты — кинематографиядағы әйел көзқарасының әртүрлілігі мен күшін көрсету, сондай-ақ экранда да, кадр сыртында да фильм түсірудегі әйелдердің қатысуының маңыздылығын атап өту.
Қазақ тілінен аударғанда «әйелдер көзқарасы» деген мағынаны білдіретін Qyzqaras — әйелдер түсірген немесе гендерлік мәселелерді қозғайтын маңызды әлеуметтік және мәдени тақырыптарды қамтитын кинотуындыларды көрсетуге арналған платформа. Фестиваль бағдарламасына қазақстандық және шетелдік кең ауқымды фильмдерді қамтиды. Олардың көпшілігі Канн, Берлин, Венеция сияқты «А» санатындағы беделді фестивальдерде ұсынылған, бұл таңдалған туындылардың жоғары көркемдік деңгейін растайды.
Фестиваль ұйымдастырушылары көрермендерге үздік туындыларды көрсетіп қана емес, сондай-ақ киноиндустрия өкілдері, көрермендер, сыншылар мен белсенділер арасында диалог орнату үшін кеңестікжасауға ұмтылады. Фестиваль аясында пікірталастар, режиссерлермен кездесулер, мастер-класстар мен ашық дәрістер жоспарланған. Бұл кәсіби және мәдени алмасуға қосымша мүмкіндік беріп, Орталық Азиядағы тәуелсіз әрі әлеуметтік маңызы бар кинематографияның дамуына шабыт береді.
Qyzqaras Film Festival фестивалінің ашылу фильмі — 2025 жылдың жарқын дебюті — Ева Виктордың «Прости, детка» атты туындысы. «Жарақаттан кейін қалай өмір сүру керектігі туралы нәзік, тапқыр және адамгершілікке толы фильм. Айтып шығу — қорқынышты, бірақ мүмкін екені туралы. Кейде ең маңыздысы — жаныңнан қашып кетпейтін біреудің бар болғаны. Және де көп нәрсені еңсеруге достық, қолдау және кездейсоқ құтқарылған мысық көмектесетіні туралы.»
Qyzqaras Film Festival фестивалінің жабылу фильмі — «Альфа» картинасы болмақ, «Алтын пальма бұтағының» лауреаты Жюлия Дюкурноның жаңа жұмысы. Драмалық боди-хоррордың сюжеті: «Адамдардың денесін тасқа айналдыратын белгісіз дерт бүкіл әлемге тарайды. 13 жастағы қызының жұқтырғанын сезген анасы онытүсінуге және қорғап қалуға тырысады — бұл жолда ол үреймен, оқшауланумен және өзінің осалдығымен бетпе-бет келеді».
Qyzqaras Film Festival Алматыдағы 2025 жылғы 22-31 тамыздағы күнтізбесі:
22 тамыз (жұма) — Кинотеатр Арман
• 19:00 — Қонақтардың жиналуы
• 19:30 — Ашылу: «Прости, детка» фильмінің көрсетілімі
23 тамыз (сенбі)
• 12:00 — Invisible Women workshop (ағылшын тілінде) — kerege: ca
• 15:00 — Give us a smile бағдарламасы + талқылау(Q&A) — Кинотеатр Арман
• 18:00 — «Папа умер в субботу» фильмінің көрсетілімі + Q&A — Кинотеатр Арман
• 21:00 — «Волшебная ферма» фильмінің көрсетілімі— Кинотеатр Арман
24 тамыз (жексенбі)
• 12:00 — Artist talk with Asian Movie Night (ағылшын тілінде) — kerege: ca
• 15:00 — The Skin Between Worlds (AMN) бағдарламасы + Q&A — Кинотеатр Арман
• 18:00 — «Ұлжан» фильмінің көрсетілімі + Q&A — Кинотеатр Арман
• 21:00 — «ТОКСИК» фильмінің көрсетілімі — Кинотеатр Арман
25 тамыз (дүйсенбі)
• 15:00 — Яна Скопинаның дәрісі — kerege: ca
• 19:00 — «Гадкая сестра» фильмінің көрсетілімі— Кинотеатр Арман
• 21:15 — «Девушки на балконе» фильмінің көрсетілімі— Кинотеатр Арман
26 тамыз (сейсенбі)
• 15:00 — Полина Пиддубнаның дәрісі (ағылшын тілінде, онлайн)
• 19:00 — «Медленно» фильмінің көрсетілімі — Кинотеатр Арман
• 21:15 — «Воспоминания горящего тела» фильмінің көрсетілімі— Кинотеатр Арман
27 тамыз (сәрсенбі)
• 15:00 — Бота Койлыбаеваның дәрісі — kerege: ca
• 19:00 — «Зеленая граница» фильмінің көрсетілімі — Кинотеатр Арман
28 тамыз (бейсенбі)
• 15:00 — Qyzqaras Film Festival дәрісі— kerege: ca
• 19:00 — «Пряники для ее отца, моего прадеда и ее деда» фильмінің көрсетілімі+ Q&A — Кинотеатр Арман
• 21:00 — «Четыре дочери» фильмінің көрсетілімі— Кинотеатр Арман
29 тамыз (жұма)
• 15:00 — Айгуль Нурбулатованың дәрісі — kerege: ca
• 19:00 — «Все, что от тебя осталось» фильмінің көрсетілімі— Кинотеатр Арман
30 тамыз (сенбі) — Кинотеатр Арман
• 13:00 — Қысқа метрлік бағдарлама + Q&A
• 16:30 — Қысқа метрлік бағдарлама + Q&A
• 19:00 — «Атамекен» фильмінің көрсетілімі + Q&A
31 тамыз (жексенбі) — Кинотеатр Арман
• 13:00 — Қысқа метрлік бағдарлама + Q&A
• 16:30 — «Жена ушла» фильмінің көрсетілімі
• 19:00 — «Альфа» фильмінің көрсетілімі
Фестивальдің өтуі «Целинный» заманауи мәдениет орталығының қолдауының арқасында мүмкін болды. Орталық жергілікті өнер сахнасын белсенді дамытып, қазақстандық мәдениетті халықаралық кеңістікке интеграциялауға ықпал етуде. Сондай-ақ, шараның серіктестері қатарында — Қазақстандағы Франция Елшілігі, Almaty Tourism Bureau және негізгі көрсетілімдер өтетін «Арман» кинотеатры бар.
Алғашқы Qyzqaras Film Festival былтыр көпшілік пен кәсіби қауымдастықтың үлкен қызығушылығымен өтті.Жобаның бастапқы кезеңінде-ақ оның жоғары деңгейі байқалды: фестивальдің ашылу фильмі режиссер Айжан Қасымбектің шетелде кеңінен мойындалған «Мадина» туындысы болды.