Қазақстандық «Авель» лентасы қазылар алқасының Гран-приімен, Азиялық киноны дамыту желісінің жюри сыйлығымен және 11-18 ақпан аралығында өткен фестиваль сыншылар жюриінің жүлдесімен марапатталды.
«Биылғы жылы өзінің тереңдігімен және сезімталдығымен ерекшеленген қазақ киносының жетістіктері — ерекше назар аударуға лайық. Үлкен кинематографиялық шеберлікпен түсірілген бұл фильм Қазақстан тарихындағы бетбұрысты кезеңіне терең көзқарасты ұсынады. Режиссерлік шеберлік пен актерлердің, әсіресе Ерлан Төлеутайдың керемет ойыны арқасында тәуелсіздік алғаннан кейінгі халықтың қиындықтар алдында төтеп беру барысын әсерлі етіп жеткізеді. Осылайша, қазақ киносы жаңа таланттар мен терең мағыналы оқиғалар арқасында халықаралық аренада жарқырауын жалғастыруда», — деп FICA ұйымдастырушылары Instagram парақшасында айтылған.
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының сайтында жазылғандай, «Авель» фильмі «Кеңес Одағыыдырағаннан кейін қазақ ауылдарын қамтыған хаосты зерттейді».
«Фильм бағытынан жаңылған тұрғындармен болған диалогтар арқылы фильм әлеуметтік терең талдау жүргізіп, дискриминация, ұлттық болмысты жоғалту, жемқорлық пен жымқыру капитализмнің пайда болу тақырыптарын ашады. Бұл поэтикалық картинаадамдардың тағдыры ірі тарихи оқиғалармен ұласқан қарапайым халықтың өмірінде негізделген», — делінген картинаның сипаттамасында.
«Авель» өндірісі халықаралық кино мамандары біріктіреді. Жобаның негізгі қатысушыларының бірі — польшалық Йоланта Дылевска болды, ол Сергей Дворцевойдың «Тюльпан» және «Айка» әйгілі фильмдерінің оператор-постановщигі. Басты рөлдерді сондай-ақ, театр және кино актерлері Нұржан Бексұлтанова, Алихан Лепесбай және Ұлан Нүсіпәлісомдады.
«Авель» фильмінің әлемдік премьерасы Оңтүстік Кореяда Пусан халықаралық кинофестивалінде өтті.
FICA фестивалінің жеңімпаз-фильмдері, соның ішінде «Авельді», наурыздың 27-інен 29-на дейінгі аралықта Париждегі Гиме музейінде көрсетілетін болады.