Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Қазақстанда алғаш рет Disney киноконцерттерін жыл бойы тірі симфоникалық оркестірмен көрсетеді

Еліміздің әртістері Disney-дің шығармашылық командасынан кастинг өтіп, енді жаңа бағдарламалар көрермендерді әрдайым қуантып отырады.

21 августа 2025
Қазақстанда алғаш рет Disney киноконцерттерін жыл бойы тірі симфоникалық оркестірмен көрсетеді | marieclaire.kz

Қазақстанда бірегей жоба бастамасын алады — жыл бойы өтетін түрлі бағдарламалары бар Disney киноконцерттері. Енді көрермендерде культті анимациялық фильмдерді жаңа форматта тамашалау мүмкіндігі болады: үлкен экранда түпнұсқа картиналар көрсетіліп, ал музыкалық сүйемелдеуді тірі симфониялық оркестр орындайды.

Алматы мұндай қойылымдар ресми түрде репертуардың бір бөлігіне айналған қалалар тізіміне енді. Біздің елдің әртістері мен музыканттары Disney шығармашылық тобының күрделі кастингінен өтіп, енді көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлайды. Әрбір концерт киноматографтың сиқыры мен тірі музыканың қуатын біріктіретін үлкен оқиға болмақ.

Жаңа маусымның алғашқы бағдарламасы аңызға айналған «Арыстан патша» болмақ. Көрермендердің көптеген өтініштері бойынша қойылым сахнаға қайта оралады, алайда көрсетілімдер саны шектеулі болады. 18 қазаннан бастап Almaty Theatre сахнасында Симбаның тарихын қайтадан сезініп, оркестрдің орындауындағы таныс әуендерді тыңдауға мүмкіндік бар. Ұйымдастырушылар бұл бағдарламаның қайталама көрсетілімдері жоспарланбайтынын ерекше атап өтеді.

Билеттер сатылымы 20 тамызда сағат 11:00–де kino.kz сайтында басталады.

Сонымен қатар жанкүйерлер үшін арнайы байқау дайындалды. @wonderstage.kz аккаунтына жазылып, пікірде бұл оқиғаны бірге бөліскіңіз келетін адамды белгілесеңіз, құнды сыйлық ұтып алу мүмкіндігіңіз бар: VIP-ложаға екі билет және сахна сыртына экскурсия. Жеңімпаз 10 қыркүйекте жарияланады.