Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Фархат Шәріповтың «Эвакуация» фильмі 2025 жылғы Мәскеу халықаралық кинофестивалінде (ММКФ) арнайы жүлдеге ие болды

Бұл драма не туралы және залда марапаттау кезінде не болды? 47-ші Мәскеу халықаралық кинофестивалінің жабылу салтанатында қазақстандық кинематография мен халыққа алғыс пен триумфалдық сөздері айтылды.

25 апреля 2025

2025 жылғы 24 сәуірде ресейлік астанада 47-ші Мәскеу халықаралық кинофестивалінің (ММКФ) жеңімпаздары жарияланды. Қазылар алқасының шешімі бойынша кештің басты жүлдесі — «Алтын Әулие Георгий» — режиссер Парадип Курба түсірген «Элизиум» үнді фильміне берілді. Бұл фильм сонымен қатар үздік режиссура үшін де марапатталды. Үздік ер адам мен әйел рөлдері үшін жүлделер Евгений Цыгановқа («Семейное счастье» фильмі үшін) және Мария Родриго Сотоға («Дом в огне» фильмі үшін) табысталды.

Ал қазылар алқасының арнайы жүлдесі мен Халықаралық киноклубтар федерациясының Ерекше атап өтуін қазақстандық «Эвакуация» фильмі алды.

Фархат Шәріповтың «Эвакуация» фильмі 2025 жылғы Мәскеу халықаралық кинофестивалінде арнайы жүлдеге ие болды | Источник: ТАСС

Фархат Шәріповтың «Эвакуация» фильмі 2025 жылғы Мәскеу халықаралық кинофестивалінде арнайы жүлдеге ие болды

Источник:
ТАСС

«Эвакуация» (2025) — қазақстандық режиссер Фархат Шәріпов түсірген терең драма.. Марапаттау рәсімінің тікелей эфирінде басты рөлді сомдаған актриса Наталья Витмер қуаныштан көзіне жас алып, Қазақстан мен қазақ халқына алғысын білдіріп, оларды «жер бетіндегі ең керемет адамдар» деп атады.

Өзіне тән стилінен күтпеген шегініс жасап, Фархат Шәріпов алғаш рет тарихи тақырыпқа бет бұрды. Оның жаңа драмасы Кеңес Одағы тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі — Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы бейбіт халықты жаппай эвакуациялау жайында баяндайды. Сюжеттің өзегінде — нацистік оккупация қаупі төнген аймақтардан миллиондаған адамдардың жаппай көшуі. Сол жылдары Қазақстан бір жарым миллионнан астам көшкіндерді қабылдап, олардың көпшілігі үшін жаңа үйге айналды. Фильм Наталья мен оның қызы Галяның тағдырын суреттейді — олар Шығысқа қарай бет алған халық ағынында жүр. Алайда қазақ даласындағы бір станцияда туындаған абыр-сабыр сәтінде Наталья қызы Галяны жоғалтып алады. Бұл қайғылы жағдай бүкіл оқиғаға мән беріп, жоғалту мен рух күші секілді терең тақырыптар ашылады.

Фархат Шәріповтың «Эвакуация» фильмі 2025 жылғы ММКФ арнайы жүлдеге ие болды | Источник: ТАСС

Фархат Шәріповтың «Эвакуация» фильмі 2025 жылғы ММКФ арнайы жүлдеге ие болды

Источник:
ТАСС

Шәріпов бір сұхбатында былай деген еді: «Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО-да жүргізілген халықты жаппай эвакуациялау бұрын-соңды болмаған құбылыс болды — ауқымы жағынан да, оны жүзеге асыру жағдайлары жағынан да. Бұл — көптеген адам шығынымен бірге жүрген аса ауыр сынақтар еді. Осы фильмде біз сол кезеңнің оқиғаларын эвакуацияланған адамдардың көзімен көрсетуді жөн көрдік. Сондай-ақ жергілікті тыл еңбеккерлерінің тағдырын да қозғағымыз келді. Біз үшін сол дәуірге терең үңіліп, адамдардың осындай ауыр жағдайларды қалай бастан кешіру үшін қайдан күш-қуат алғандарын түсіну аса маңызды болды».

Жобаның өзіндік драмалық тарихы да бар. Оның жұмысы пандемия басталмай тұрып, фильм үлкен көлемді телехикая ретінде жоспарланған кезде басталған. Алайда локдаун басталған соң, жоба өндірістік тоқырауға ұшырап, ұзақ уақытқа дейін тоқтатылды. Енді, міне, олММКФ-тің маңызды жүлдесіне ие болды.

Фархат Шәріповтың «Эвакуация» фильмі 2025

Фархат Шәріповтың «Эвакуация» фильмі 2025

Бұл — Шәріпов үшін ММКФ-тегі алғашқы жүлде емес. 2019 жылы режиссер «Тұлғалық даму тренингі» картинасы үшін «Үздік фильм» номтнациясында басты жүлдені жеңіп алған болатын. Сонымен қатар, оның қоржынында Берлинале кинофестиваліндегі марапат та бар — 2022 жылы «Схема» фильмі үшін жастарға арналған секцияда Гран-при алған. Автордыңфильмографиясында «Қызғылт қоян туралы хикая», «18 килогерц» сияқты кең танылған туындылар бар. Соңғылардың ішінде — A’Studio тобының әндеріне негізделген «Стоп, ночь» (2023) мюзиклы.