Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Әнші Ayau «Қайрат» — «Астана» ойынның ашылуында LALAGÜL атты екінші альбомын паш етті

Сүйікті футбол клубының үйдегі ойыны алдында әртіс ән шырқап, өзінің екінші студиялық альбомының атауын жария етті — LALAGÜL: іште қалған сезім және сол қалпы айтылмай қалған сөздер туралы үн таспалар

6 апреля 2026

5 сәуірде әнші Ayau Қазақстан Премьер-лигасының «Қайрат» ФК мен «Астана» ФК арасындағы ойындыашты. Әртіс үшін бұл өнер көрсету ерекше мәнге ие болды: Ayau «Қайратқа» бұрыннан жанкүйер болып келеді және дәл осы клубтың үйдегі ойыны алдында сахнаға шығуды қалаған.

Әнші Ayau «Қайрат» — «Астана» ойынның ашылуында LALAGÜL атты екінші альбомын паш етті | marieclaire.kz

Бастапқы ысқырық алдында ол үш трек орындады: sybyrlaiyn <3, kel kel :) және KET — соңғысы дайындалып жатқан екінші студиялық альбомға енеді. Өнер көрсету аяқталған соң әнші альбомның атауын ашты: үн таспаLALAGÜL атауымен жарық көреді. Ayau-дың сөзі бойынша, бұл атау кездейсоқ таңдалмаған — лалагүл нәзік әрі осал болғанымен, өз пішінін сақтап, өзгерістерге төтеп беріп, солып барып қайта гүлдейді. Оның айтуынша, дәл осы бейне жаңа әндердің табиғатын ең дәл жеткізеді.

«LALAGÜL — бұл іште жиналып, сыртқа шыға алмаған сезімдер туралы, сол қалпы айтылмай қалған сөздер туралы альбом. Тек махаббаттың әдемі сәттері жайлы емес, оның ауыр қырлары да туралы: қызғаныш, сенімсіздік, тәуелділік. Егер менің алғашқы альбомым әлеммен диалог болса, ал LALAGÜL — өзіммен әңгіме», — деді әнші өнер көрсеткеннен кейін.

Альбомның треклисті әзірге жарияланған жоқ. Дегенмен желіде q-pop тобы ALPHA құрамындағы әнші A.boo-мен ықтимал коллаборация белсенді талқыланып жатыр.

Ayau-дың дебюттік AYAULYM альбомы 2023 жылы шыққан. Оған әншінің өзі жазған 10 трек енді; музыкалық продюсері M’Dee болды. sybyrlaiyn <3 синглы Kazakhstan Apple Music Top 100 чартында бірінші орынға көтеріліп, Spotify-дың елдегі тректер тізімінде төртінші орын алды. Ayau (шын аты — Аяулым Құсайын) 2022 жылы қазақстандық поп-музыканы ілгерілетуге маманданған «Закрытый клуб» музыкалық лейблы құрамында дебют жасаған.