Сары май — таңғы астың бір бөлігі ғана емес. Сондай-ақ, кондитерлердің пісіру үшін негізгі ингредиенті және аспаздарда өсімдік майларына маңызды альтернатива. Ал оның зияны және пайдасы туралы баяғыдан дауласулар жүргізілуде. Сары майдың барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты қарастырайық, біздің күнделікті рационнан шығару қажет пе екенін білейік.
Сары майдың артықшылықтары
Энергияның таптырмас көзі
Сары май шынымен өте жоғары калориялы, бірақ ол энергетикалық метаболизмде маңызды рөл ойнайтын пайдалы майлардың бағалы көзі, витаминдер мен микроэлементтердің сіңуіне, сондай-ақ бұлшықеттің жұмысына көмектеседі. Саоапшылар осы өнімнің құрамында бар қаныққан майлар жалпы күнделікті рационның 10% ғана құрау керектігін ұсынады.
Салмақтың түсуі
Сары майдың құрамындағы конъюгацияланған линол қышқылы май шөгінділерімен күресуге көмектеседі. Бұл төмен көмірсутекті диета ұстанатындарға ерекше өзекті болады: энергияны бір жерден алу керек, ал майлар тез көмірсутектерге қарағанда салмақтың артуына сирек әкеледі.
Сұлулық және денсаулық витаминдері
Сары май — тері, тырнақ және шаш үшін маңызды, майда еритін А, Е және К сияқты витаминдерінің көзі.
Рактан қорғау
Құрамында бета-каротиннің жоғары болғандықтан, бір ас қасық майда бір шоқ сәбіздің құрамындағыдан да көп, сары май онкологияның дамуы тәуекелін төмендете алады. Ал құрамындағы конъюгацияланған линол қышқылы зерттеулерге сенсек, сүт безі, бауыр, ішек, асқазан және простата қатерлі ісіктерінің дамуы мүмкіндігін төмендетеді.
2 типті диабет мүмкіндігін төмендетеді
600 000 қатысушылар қатысқан зерттеу көрсеткендей, сары майды әрдайым қолданса 2 типті диабеттің дамуы мүмкіндігі 4% төмендетеді. Айтарлықтай емес, бірақ сонда да. Алайда майдың пайдалану мөлшерін бақылау маңызды, әйтпесе салдары теріс болуы мүмкін.
Тісті қорғау
Сары майдың құрамындағы В12 витамині пародонт ауруын алдын алуға көмектеседі жәна тістердің айырылуынан қорғайды. Ал қызыл иектің саулығын сақтау үшін тұзы жоқ майды таңдаған дұрыс.
Сары майдың кемшіліктері
Жүрек-тамыр аурулардың өсу мүмкіндігі
Сары майдың 60% жоғары құрамындағы қаныққан майлар ағзаға қажет болғанымен, үлкен көлемде жүрек-тамыр аурулары мүмкіндігін жоғарлатады.
Осындай майлардың артығынан жалпы холестерин деңгейі өседі, ал ең бастысы «жаман» холестерин деп танулы ЛПНП-холестерин өседі. Бұл атеросклероз, жүрек ауруларын дамытуға және денсаулыққа зиян басқа да проблемаларға әкелуі мүмкін. Сол себепті оларды мүмкіндігінше полиқаныққан майлармен ауыстыруға ұсынады.
Жоғары холестериннің себебі әрқашан диета болмауы мүмкін, механизм туа біткен болуы да әбден мүмкін.
Күнделікті калорийлер нормасының асуы
Тағы бір кемшілік сары майдың жоғары калорилігімен байланысты. Оны пайдалану қажетті емес салмақтың жоғарлауына алып келуі мүмкін. Бір ас қасық майда шамамен 102 калорий бар, ал егер порцияны екі еселесе — теориялық түрде бір жыл ішінде артық 4,5 кг жинауға болады. Сондықтан сізді осы мәселе мазаласа, жалпы калориялық балансты қадалаған дұрыс.
Калорийлердің артық болуыдың тағы бір себебі триглицеридттер — қандағы липидтер санының өсуі болып табылады. Зерттеулер көрсеткендей, триглицеридтердің жоғары деңгейі жүрек ауруларына және панкреатитке әкелуі мүмкін. Егер ол жоғары болса, онда сары майды өсімдік майларына, мысалы, зәйтүн майына ауыстырған жөн.
Сары майды күнделікті жеуге болады ма
Бар кемшіліктерге қарамастан, сары майды күнделікті рационға қосуға болады, бірақ көп емес — қаныққан майлардың және калорийлердің жоғары болуына байланысты. Бұл өнімді пайдалану бойынша басты ұсыныстар:
• Порцияларды бақылаңыз. Сары майдың көлемін шектеуге тырысыңыз. Мысалы, күніне бір асық қасықтан көп жемеу.
• Асыңызды теңдестіріңіз: асыңызда одан бөлек басқа да пайдалы азық-түлік, жемістер, көкөністер, дәнді дақыдар, ақуыздар және өсімдік майлары: зәйтүн майы, авокадо және жаңғақтар сияқты бар екенін қадағалаңыз.
• Сапалы май таңдаңыз: жоғары сапалы, қымбатырақ немесе ауылдың майын сатып алыңыз. Онда пайдалы майлы қышқылдар көбірек және зиян қоспалар аздау.