Хош иіс - бұл әрқашан жеке таңдау. Парфюмді дұрыс талғап, өзіңе сай келетінін түсіну үшін иіс сулардың сіздің теріңізде қалай ашылатынын байқау керек. Бірақ жалпыға ұнайтын хош иістер де бар: олар әдетте ең танымал және сатылымда ең көп сұранықа ие әтірлер болып келеді. Әрине, бұған сапалы жарнама да әсер етеді.
Chanel №5
Бұл хош иістің тізімнің басында тұруы таңқалдырмайды. 1921 жылы парфюмер Эрнест Бо (айтпақшы, ол Ресейде туып, өмірінің жартысын Ресейде өткізді) Коко Шанельдің өтініші бойынша, «әйелдің табиғи иісі бар иіс су» әзірлейді. Ол кезде жарқын гүлді иісі жоқ альдегид хош иісі парфюмерияда тың жаңалық болып саналатын-ды. Содан бері №5 Chanel туралы бәрі біледі. Хош иістің атауы да кездейсоқ емес: парфюмер дизайнерге парфюмерияның бірнеше нұсқасын ұсынады, ал Шанель 5 деген нөмірдегі үлгіні таңдайды. Бұл дизайнердің сүйікті нөмірі болды: Шанель барлық көрсетілімдерді айдың 5-і күні өткізетін.
Miss Dior
Бұл хош иіс 1947 жылдың 12 ақпанында пайда болды: бірде-бір парфюмерлік композиция соншалықты көп өзгертілмеген — 70 жыл ішінде иіс су 32 рет қайта жасалып шығарылды. Ал 1947 жылы хош иіс қазіргідей болған жоқ — ауыр шипр композициясы, тіпті, оны себуге мәжбүр болған модельдерге де ұнамады.
2018 жылы бренд Натали Портманмен бірге Sia-ның «Chandelier» әніне жарнамалық науқанын бастады, бұл хош иіске танымалдылық әкелді. Ұзын көйлек киген қыздың жүгіруі, әдемі табиғат көрінісі және құштарлық — Miss Dior-мен ең жарқын байланыс болды.
Dior J’adore
Бұл иіс су 1999 жылы Dior үшін пайда болды, ал 2011 жылы Шарлиз Теронмен бірге жасалған жарнаманың арқасында әлемге әйгілі болды. Хош иіс иланг-иланг, дамаск раушаны, жасминнің жеміс ноталарын біріктіреді. Парфюмер композицияны жұмбақ жұпар иісімен тартатын әлемде жоқ гүлдің хош иісімен салыстырады.
Flora Gorgeous Gardenia, Gucci
Хош иісті Gucci үйі 2012 жылы шығарды, содан кейін сән үйінің жүз жылдығына орай, 2021 жылы қайта шығарылды. Композицияның басты кейіпкері — хош иісі шабдалы мен жасмин ноталарымен ерекшеленетін мистикалық гардения. Иіс судың бейнесі әнші Майли Сайрус хош болды. Оның тұлғалық бейнесі хош иістің көңіл-күйін жеткізе алды: бір жағынан нәзік және романтикалық, екінші жағынан, көңілді және сергек.
Black Opium, Yves Saint Laurent
Хош иіс 2021 жылы Black Opium әйелдер топтамасының бөлігі ретінде шығарылды. Апельсин, жасмин және ваниль ноталары бар какао қосылған қара кофенің иісі оны шығыс талғамдары қатарына жатқызады. Хош иістің бет-бейнесі американдық актриса Зои Кравиц болды, ол хош иістің батыл және сексуалды көңіл-күйін шынайы түрде жеткізе білді.
Lost Cherry, Tom Ford
Бұл хош иісті жасмин, даршын және тонка бұршақтары бар шиенің иісімен тануға болады, ал Том Фордтың өзі оны былай сипаттайды: «Өзінің желінуін күтетін піскен шие жемісі сияқты, LostCherry керемет және тойымсыз хош иіс». Иіс су 2018 жылы шығып, бірден танымал болды.
Bibliotheque, Byredo
Бұл хош иісті 2017 жылдың көктемінде француз парфюмері Оливия Джакобетти жасаған. Оливия иіс су арқылыжылу мен жайлылық атмосферасын жеткізгісі келді, балалардың кітаптарының иісінен, жемістер мен гүлдердің хош иісінен шабыт алғанын айтады. Хош иіс «дәстүрлі кітапхананың жайлы аймағына апарады. Уақыт тоқтап, сезімдер күшейетін, тыныштандыратын әлемге әкеледі».