Құлпынайдың жемісі және жапырақтарымен Гиппократ заманында адамдарды емдеген. Өйткені оның құрамында витаминдер, минералдар және басқа да пайдалы заттары болу жағынан көшбасшы екені сөзсіз: онда С витамині, В тобының витаминдері, цинк, фосфор, кремний, мыс, темір, магний, калий, кальций…т.б. бар, тізім тым ұзақ болмақ. Бұндай бай құрам жидекті панацея жасамаса да, минимум, көптеген аурулардың алдын алатын ең күшті табиғи құралдарының бірі.
Құлпынайдың пайдалы қасиеттері
Фигура әдемілігін сақтайды
Мүмкін сіз таң қалатын шығарсыз, бірақ тәтті құлпынайда сахароза (1,4 г/100 г) және фруктоза (3 г/100 г) аз мөлшерде, ал оның энергетикалық құндылығы — бар болғаны 34 ккал. Құлпынай тез тойдырады, алайда артық калориямен сізді жүктемейді, сонымен бірге денені шлактар мен токсиндерден тазартады. Сол себепті бұл жидек көптеген диеталардың құрамына кіреді, соның ішінде монодиета.
Тері қалпын жақсартады
Құлпынай қара дақтарды азайтады, көз айналасындағы қара шеңберлерді кішірейтеді, акнені емдейді, тазартады, ағартады, нәрлендіреді, теріні сергітеді, жарқыратады деп айтса болады. Қартаюдың алғашқы белгілерінің пайда болуын алдын алады жәнк зиян УК-сәуделерден қорғайды, сондықтан оның негізінде көптеген косметикалық құралдарын жасайды, ал біздің аналарымыз бен әжелеріміз бақша құлпынаймен үй маскаларын жасауды жақсы көретін. Мүмкін сізге де жидектер маусымы аяқталмағанша дейін маскалардың қарапайым, бірақ пайдалы рецепттерін гуглдан іздеп көру керек шығар?
Вирустардан қорғайды
Вирусқа қарсы ең күшті табиғи құралдардың бірі болып табылатын «әйгілі» С витамині құлпынайда лимоннан қарағанда да көбірек: 100 г жидекте күндізгі норманың 98%-ға жуық. Бірақ ол әлі бәрі емес: бақша құлпынайында салицил қышқылы бар, оның қабынуға қарсы және ыстық түсіретін әсері бар, улы заттарды ағзадан шығаруға көмектеседі. ЖРВИ бойынша екі еселік соққы!
Стресспен күреседі
Психикалық денсаулық үшін құлпынайдың пайдасы қандай? Бұл жидек — табиғи тыныштандыратындәрі: ол стресс гормоны — кортизолдың — қандағы деңгейін түсіруге көмектеседі. Және, оны тіптіжеуге міндетті емес: жай ғана ұрыққа 15 минут қарап тұрыңыз, сіздің мазасыздығыңыз лезетте азаяды. Бұл әзіл емес, бір қытай эксперименттерінің нәтижесі.
Онкологияны жібермейді
Медицина ғылымдарының докторы Михаил Гинзбургтың пікірінше, осы ұрықтардың құрамындағы полифенолдар, ісіктің өсу процессін жібермейді. Құлпынай — асқазан, ішектер, өкпе, қалқанша безі және қуық асты безі қатерлі ісігін алдын алудың қолжетімді құралдарының бірі.
Қант диабетімен ауратындарға келеді
Жидекте гликемиялық индекс төмен, сол себепті диабет ауруымен ауратын адамдарға оны ақылға қонымды мөлшерде (күніне 100-200 гр) жеуге болады. Кейбір зерттеулер құлпынай көмірсулардың қортылуы кезінде инсулинның шашылуын төмендетеді дейді.
Жүкті әйелдерге пайдалы
Жидек токсикоз кезінде ісінулер мен жүрек айнуларды азайтады, қан қысымын түсіреді (оның көтерілуі — болашақ аналар үшін жиі проблема), ішек пристальтикасын жақсартады, ал өсімдік құрамындағы фолий қышқылы болашақ бөпенің дұрыс дамуына өте маңызды.
Көздің жақсы көруіне әсерін тигізеді
Құлпынай көздегі құрағақты алады, катарактаның пайда болуын тоқтатады және глаукоманың алдын алуына көмектеседі.
50 жастан кейінгі әйелдер үшін құлпынайдың пайдалы қасиеттері
Ми жұмысын жақсартады
Жасымыз ұлғайған сайын, денсаулық бойынша көптеген проблемаларды,, соның ішінде ми денсаулығы проблемасын шешу қажет. Міне сізге қызығарлық әрі шабыттандырушы факт: төрт жыл бұрын Oxford Academic сайтында қызық зерттеудің нәтижелері жарияланды. Құлпынайды аптасына бір реттен көбірек тұтынған қатысушыларда Альцгеймер ауруының даму ықтималдылығы рационға жидекті қоспағандармен салыстырғанда 32% төмендірек. Таңқаларлық нәтиже!
Ғалымдардың ойынша, бұл құлпынайдың құрамындағы биобелсенді зат пеларгонидтің әсері. Қарт адамдардың когнитивті функцияларында үлкен ролді флавоноидтар, антоцианидтер және С витамині ойнайды.
Қартаюды бәсеңдетеді
Менопаузадан кейін алғашқы 5 жылда колагеннің өндіруі кенеттен азаяды: 30%-дан артық. Коллагенді «жастар ақуызы» деп атайды: ол біздің «балғындығымызға» және әдемілігімізге, терінің, шаштың, тырнақтың қалпына жауап береді.
Ақуыздың тапшылығы сіңірдің қалпына әсер етеді, сүйектер осал болып келеді, теріде әжімдер пайда болады. Құлпынайда коллаген жоқ, бірақ үлкен көлемде С витамині және эллаг қышқылы бар: біріншісі коллагеннің қалыптасуын ынталандырады, екіншісі — оның жойылуын тоқтатады. Сол себепті кемелденген жастағы әйелге жидектерді жеу қатал түрде міндет: көп жегені жақсы. Әрине, егер оны жасауға кедергі болатындай денсаулығында осал жоқ болса. Құлпынайдың мүмкін зияны туралы төменде айтамыз.
Сүйек тінін нығайтады
Құлпынай артроздың, подаграның, тіндер мен бұлшықеттердің азғындауын алдын алады, буындардағы ауруға көмектеседі, олардағы тұз шөгінділерінің таралуына көмектеседі.
Жүрек және қан тамырларын жақсартады
Бақша құлпынайы холестерин деңгейін төмендетеді, қан қысымын реттейді, сол себепті жидекті жиі жеген кезде жүрек ұстамасы, атеросклероз, артерияның бітелу қауіпін азайтады.
Ағза үшін құлпынайдың зияны
Пайдалы қасиеттерінің айтарлықтай ауқымына қарамастан, жидек денсаулық үшін біраз қауіп төндіруі мүмкін.
1. Құлпынай — өте күшті аллерген: иммунитеттің шамадан тыс реакциясын салицил қышқылы және ақуыз арандатуы мүмкін, ол жидек пигментінің құрамында бар. Аллергия әдетте асқазан-ішек жолдарының бұзылуымен немесе терідегі бөртпемен, кейде аллергиялық ренитпен немесе бронх демікпесімен сүйемелденеді.
2. Құрамында қышқылдың үлкен көлемде болуына байланысты асқазан жарасы және гастриттің асқынуы кезінде көп тұтынбау керек.
3. Бақша құлпынайдың құрамында талшықтар көп, сол себепті жидекті ашкөз пайдаланған жағдайда асқазанда көп газ жиналады және ұстама ауруына соқтыруы мүмкін.