Қазақстан Республикасының Конституциялық соты балаларды асырап алуға ерлер мен әйелдердің құқықтарын теңестіруге шақырды. Жоғары инстанцияның мұндай шешіміне мемлекет азаматының шағымы әсер етті, ол әрекет етуші ҚР Отбасы туралы кодексте мемлекеттің Конституциясымен сәйкессіздікті байқады.
Себебі ҚР Неке туралы кодексінің 91- бабына (2-тармақ, 11-тармақша) сәйкес некеде тұрмаған ерлерге балаларды асырап алуға тиым салынады. Тек егер олар анасының қайтыс болуына немесе оны ата-ата құқығынан айыруына байланысты үш жылдан кем емес мерзімде баланы тәрбиелеген жағдай ерекше болып саналады.
Ал әйелдер үшін мұндай тыйымдар белгіленбеген. Қазақстандық бұл нақтылауды мемлекет Конституциясының 14-бабын бұзады деп есептеді, ол бапта «Жыныстық белгі бойынша ешкімді кемсітуге болмайды» деп нақты көрсетілген.
Сот мәселені қарастырып, мемлекет тұрығынының шағымымен келісті, және кез-келген жағдайда асырап алу туралы шешім әділетті және пропорционалды ғана емес, ең бастысы баланың құқықтары мен мүдделері ескерілуі керек деп көрсетті. Осылайша, ең жақын уақытта ҚР Неке туралы кодексіне тиісті түзету енгізіледі. Және ерлер отбасы жағдайына қарамастан балаларды асырап ала алады.
Қазіргі заңда шамамен 15 тармақ бойынша белгілі бір адамдар тобына жетім балаларға ата-ана/қамқоршы болуға әлі де рұқсат берілмейді. Мысалы, бұрын ауыр қылмыс жасаған немесе балаға тиісті өмір деңгейін қамтамасыз ете алмайтын азаматтар.