2024 жылғы 13 мамырда таңертең Салтанат Нукенованың өліміне айыпталушы Қуандық Бишимбаевтың ісі бойынша сот отырысының кезекті күні басталды. Және бұл күн тарихқа енетін күн болуы мүмкін. 10 алқабилер және судья кеңес бөлмесіне кетті, сол жерде айыпталушы үкіміне қатысты өз пікірлерін айтып, көпшілік алдында үкімді жариялау керек.
Сотталушыны қандай мерзім (колониядағы 15 жылдан өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін) күтіп тұрғаны алқабилер мен судьяның істің негізгі сұрақтарына қалай жауап беретіндеріне байланысты. Сұрақтар саны сегіз (ҚК әрбір бабы бойынша 4-тен).
«Азаптау» тармағы бойынша.
1 және 2 сұрақтар: екі жыл бойы (2022 және 2023 жылдарғы эпизодтар) Нукеноваға «денесінің әртүрлі мүшелерін, соның ішінде басын да үнемі бірнеше рет ұрып-соғу арқылы физикалық азап келтіргені, сондай-ақ оның намысы мен абыройын таптап, моральді азаптау» дәлелденді ма? Және де осы әрекеттерді айыпталушы Бишимбаевтың дәл өзі жасады ма?
3 сұрақ: осы әрекеттерді жасауда айыпталушы Бишимбаев кінәлі ма?
4 сұрақ: жәбірленуші Нукенова айыпталушы Бишимбаевпен бірге тұрған сәттен бастап өздігінен ақшалай қаражат табуды тоқтатқаны, одан материалды-тәуелді жағдайда болғаны дәлелденді ма?
«Адам өлтіру» тармағы бойынша
1 сұрақ: 2023 жылғы 9 қарашада, шамамен түстен кейін Астана қаласы, Достық көшесі, 16п мекен-жайы бойынша Bau мейрамханасында жәбірленуші Нукенова жабық бас сүйек-миының жарақатынан, оң жақ маңдай-маңдайшасы самай және бастың артқы жағы, сол жақ самай және бастың артқы жағында өткір субдуралды гематомамен сүйемелденген әрі қарай ми бадамша бездерінің магнум тесігіне жарылуымен дислокация сирдромының дамуымен орталық жүйке жүйесінің бұзылуы, содан кейін тоқтауы, жүрек қызметі мен тыныс алуы тоқтауынан өлімге әкелген әрекет дәлелденді ма?
2 сұрақ: істе толықтай сипатталған жағдайда, жәбірленуші Нукеноваға бас аймағына мақсатты түрде көптеген соққылар келтіру арқылы саналы түрде, әдейі өлім жасалғаны дәлелденді ма?
3 сұрақ: бұл әркетті сотталушы Бишимбаев жасағаны дәлелденді ма?
4 сұрақ: бұл әркетті жасағанында сотталушы Бишимбаев кінәлі ма?
Іс бойынша шешімді жариялау уақытын қосымша хабарлайды.