Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Қазақтың суретші қызы Лондон мен Гонконгты бағындырып келеді

Азизаның туындылары әлемнің түрлі мұражайларына және жеке коллекцияларында орналастырылған. Бағасы — £4-тен £10 мыңға дейін

15 июня 2023

Қазіргі әлемдік тенденциялардың бірі — жаһандану өнер әлемін де айналып өткен жоқ. Қазіргі суретшілер өздерін бір мемлекет, бір халықтың мәжениетімен шектемейді, солардың бірі — қазақтың суретші қызы Азиза Шәденова.

Қазақтың суретші қызы Лондон мен Гонконгты бағындырып келеді
Источник:
aziza.uk

Азиза Шәденова — ұлты қазақ, Өзбекстанда туған, балалық шағын Қырғызстанда өткізген, Лондонда білім алған. Орталық Сент-Мартинс колледжіне түсе отырып, ол графикалық дизайнер мамандығын таңдаған-ды. Бірақ содан кейін ол видео жанрына қызығушылық танытып, фотосуретпен көп жұмыс істеген екен.

Қазақтың суретші қызы Лондон мен Гонконгты бағындырып келеді
Источник:
IADA

Қазір Ұлыбританияда Хастингс қаласында тұрады. Бірнеше халықтың мәдениетін бойына сіңіріп өскен оның Орталық Азияға деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін ерекше.

Азизаның туындылары әртүрлі елдердің мұражай және жеке коллекцияларында орналастырылған. Бағасы — £4-тен £10 мыңға дейін, алайда өзі қазіргі заманғы өнер нарығының трендтеріне қызығушылық танытпайды.

Өнерден бөлек, қазір суретшінің тұрақты жұмысы бар. Қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі оған өз жобаларына көп уақыт бөлуге мүмкіндік берді.

Қазір ол — әлемдегі ең танымал өнер алаңдары мен осы бағыттағы түрлі жиындардың жиі қонағы және қатысушысы. Азиза әртүрлі стильдерді араластырудан қорықпайды, өзін әртүрлі бағытта сынап көреді: кескіндеме, фотосурет, қойылым және видео. Бірақ оның барлық жұмыстарында бір ғана нәрсе өзгеріссіз  — жұмысы Орталық Азияның тарихы мен мәдениеті көрінісі және Шығыс шаманизмі мен кеңестік эстетикамен үйлесім.

Қазақтың суретші қызы Лондон мен Гонконгты бағындырып келеді
Источник:
IADA
Қазақтың суретші қызы Лондон мен Гонконгты бағындырып келеді
Источник:
@aziza_shadenova

Сонымен қатар, Азиза Орталық Азия мәдениетіндегі әйелдің рөліне көп көңіл бөледі. Оған анасының әңгімелері шабыт берсе керек. Әйел құқығы тақырыбы оның шығармашылығынан ерекше орын алады. Бұл ойлардың көрінісі суретшінің Гонконгтағы Mill6chat көрмесінде ұсынған бірқатар жұмыстарында көрініс тапты.

 

Қазақтың суретші қызы Лондон мен Гонконгты бағындырып келеді
Источник:
IADA

«Гонконгтағы көрме Орталық Азияның тоқыма өнеріне арналды. Онда мен жағадан төрт жұмыс ұсындым. Олар 1930-40 жж. Мен оларды бір жылдан астам жинадым. Белгілі бір дәрежеде олар мен үшін Азия әйелдердің эмансипациясының символына айналды. Сонымен, осы көрме үшін мен жағадан кішкентай мүсіндер жасадым. Азиялық мотивтерден басқа, олар менің Islamic art-қа деген құштарлығымды көрсетті», — дейді суретші.

Азизаның өзі стилін «бейнелі-дерексіз, тіпті кей жерлерін абсурдтық естеліктер мен ойлар поэзиясы» деп атайды. Оның эксперименттерінің бірқатарын Венеция биенналесіне келушілер тамашалай алды.