Спорттың түрлі бағыттарынан қазақстандық арулар алдыңғы орындарды бағындырып келеді. Қазақ елінің қоржынында тағы бір жеңіс!
Алтынай Жұмагелдиева Германияның Саарбрюкен қаласында өткен ерлер мен әйелдер арасындағы 64 шаршылы дойбының рапид бойынша ашық чемпионаттың жеңімпазы атанды.
Жарысқа Германия, Украина, Латвия, Нидерланды, Қазақстан және Армениядан 22 спортшы қатысқан.
Алтынай үздік нәтиже көрсетіп, алтынды қанжығаға байлады.
Marie Claire Kazakhstan редакциясының атынан құттықтаймыз!