Informburo.kz жазғандай, мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қалыңдық ұрлау үшін жауапкершілік енгізу туралы бастама қарастырылу кезінде жұмыс тобы болашақ қылмыстық бапқа келесі тұжырымды ұсынғанын айтты: «Неке қиюға мәжбүрлеу туралы».
«Біз тек ұрлау мәселесінен кеттік, барлық жағдайларды қарастырып жатырмыз. Бұл жерде үш тармақ болады. Біріншісі бойынша — айыппұл. Егер күрделі жағдайларда, мысалы, кәмелетке толмағандарға қатысты, күш қолдану немесе топпен жасалған әрекеттер болса, ондабұл — қылмыстық жауапкершілік болады. Мұнда 5-7 жылға дейін [бас бостандығынан айыру] болады. Кеше депутаттар қолдады, келесі аптада, үлкен ықтималдықпен, екінші оқылымға шығамыз», — деді Әбенов мәжіліс кулуарларында.
Соңғы үш жылда Қазақстанның құқық қорғау органдарына қалыңдық ұрлау бойынша 214 арыз түскен, бірақ олардың тек 10-ы ғана сотқа жеткен. Қалған істерде қылмыс құрамы болмағандықтан, тоқтатылған.
«Қыз өзіне күш қолданылғанын, көліктен секіріп шыққанын, ұрланғанын дәлелдегенімен, алайда ештеңе істей алмады», — деді Әбенов.