Ranking.kz жазғандай, 2024 жылы әлем бойынша интернетті қолдану мүмкіндігі 65% әйелдерге және 70% ерлерге тиесілі болған. Айырмашылық айтарлықтай: 5% — бұл 189 миллион адам.
Қазақстанның Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2024 жылы 16–74 жастағыәйелдердің арасында интернет пайдаланғандардың бөлігін 95,9%-ы құрады, ал дәл осы жастағы ер адамдардың арасында — 96,6%.
Соңғы бірнеше жылда ақпарат және байланыс саласына жататын мамандықтар бойынша білім алып жатқан студент қыздардың саны 3,4 есе артты. 2019/2020 оқу жылының басында жоғарғы оқу орындарында IT бойынша бар болғаны 4,5 мың қыз оқыса, өткен оқу жылында олардың саны 15,3 мыңға жетті. Әсіресе «Ақпараттық қауіпсіздік» мамандығы бойынша оқитын қыздардың саны 5,8 есе артқаны байқалады. Алайда сектордағы жалпы студенттерді алғандағы әйелдердің үлесі азайды — 31,7%-дан 24%-ға дейін.
IT саласында барлық жалдамалы қызметкерлердің 42%-ын әйелдер құрайды. 2019 жылы секторда 68 мың әйел жұмыс істесе, 2024 жылы олардың саны 79,1 мыңға жеткен, яғни 16,3%-ға артқан.
Ақпарат және байланыс саласындағы қазақстандық әйелдердің жартысына жуығы өткен жылы Алматы мен Астанада жұмыс істейтін (44,9%). Олардың бұл екі мегаполистегі жалпы саны 35,5 мың адамды құрады. Сонымен қатар, кейбір өңірлерде бұл саладағы мамандықтарды негізінен әйелдердікі болып кетті деуге болады. Мысалы, Ақтөбе облысында секторда жұмыс істейтіндердің 71,1%-ын әйелдер құрайды, ал Қызылорда облысында — 56,9%.
Өткен жылы Қазақстанда еңбекақыдағы гендерлік айырмашылық 19,7%-ды құраса, ақпарат және байланыс саласында бұл көрсеткіш — 19,8% болды. Алайда бұл жалпы көрсеткіш, яғни бұл саладағы барлық ішкі санаттарды — баспа ісі, кино және телебағдарламалар өндірісі, телерадио хабарларын тарату және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қамтитын орташа мән. Дәл осы ИКТ саласында әйелдерге жалақыны ерлерге қарағанда әлдеқайда төмен төлейді. Мысалы, «Компьютерлік бағдарламалау, кеңес беру және басқа да ілеспе қызметтер» санатында әйелдердің былтырғы орташа номиналды жалақысы 681,3 мың теңгені құраса, ерлердің жалақысы — 990,4 мың теңге. Яғни бұл сегментте жұмыс істейтін әйелдерге 45,4%-ға аз еңбекақы төленеді. Ақпараттық қызмет көрсету саласында да жалақыдағы гендерлік айырмашылық жоғары: бұл салада жұмыс істейтін әйелдер орта есеппен 447,6 мың теңге алып, ерлерге қарағанда жалақыны 41,1%-ға аз алған (олардыкі — 631,5 мың теңге).