«Қайрат» — «Реал Мадрид» ойынының билеттері 23 қыркүйек күні сағат 17:00–де клубтың ресми сайты мен Ticketon платформасы арқылы сатылымға шығады. Бір ЖСН-ге екі билеттен артық алуға рұқсат етілмейді.
Билеттердің бағасы 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейінгі аралықты құрайды.
«Кайрат» пен «Реал» арасындағы ойын 30 қыркүйек күні Алматыда Орталық стадионда өтеді.
Еске салайық, қазақстандық клуб өз тарихында алғаш рет Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды, Шотландия чемпионы «Селтикті» іріктеу кезеңінде жарыстан шығарды. «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков «Селтик» футболшыларынан келген үш соққыны, соның ішінде Дайзэн Маэданың шешуші соққысын қайтарды.
