Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Golden Globe 2024: жеңімпаздар арасында біз білетін қандай фильмдер бар?

Лос-Анджелесте атақты кино саласының үздіктерін анықтайтын байқау 81-ші рет өтті

9 января 2024

Өткен жылғы әлемдік кино индустриясында басты үш оқиғаны атап өтуге болады. Бірі — Голлвиуд актерлары мен сценаристерінің алғашқы көтерілісі (бұл жасанды интеллектпен байланысты), кассалық кірісі бойынша бірнеше рекорд жаңартқан «Барби» фильмі мен «Оппенгеймер» байопигі.

Атаулы көтеріліске байланысты «Алтын шар 2024» өткізу кейінге шегерілген еді. Ал «Оппенгеймер» фильмі 7 қаңтар күні өткен байқаудың бас жұлдызына айналып, бірнеше марапатқа ие болды.

Golden Globe 2024: жеңімпаздар арасында біз білетін қандай фильмдер бар?

«Оппенгеймер» жұлдызы — Килиан Мерфи

Источник:
Legion Media

Үздік драмалық фильм:"Оппенгеймер»

Үздік режиссер — Кристофер Нолан («Оппенгеймер»)

Драмалық фильмнің үздік актері: Киллиан Мерфи («Оппенгеймер»)

Кинематографиялық және кассалық жетістіктері үшін:"Барби»

Golden Globe 2024: жеңімпаздар арасында біз білетін қандай фильмдер бар?

«Барби» жұлдызы — Марго Робби

Үздік ән: What Was I Made For? — Билли Эйлиш («Барби»)

Драма сериясындағы үздік актер: Киран Калкин («Мұрагерлер»)

Сериалдағы ең жақсы қосалқы актриса: Элизабет Дебики («Тәж»)

Биыл, жалпы алғанда, кино майталмандары 27 категория бойынша марапатталды.

Алда бұл тізімде қазақстандық кинематографтың да жұмыстарын көреміз деп үміттенеміз.

Ал өткен жылы қазақ киносында халықтың көзайымына айналып үлгерген фильмдер жайлы мына жерден оқуға болады.