Фильтр салынған образдардың дәуірінде өткінші трендер үшін емес, ал шынайлылығы мен төл болмысы үшін бақылағын келетін блогерлерді табу күннен күнге қиынға соғады. Сондай тұлғалардың бірі Дорис атты қытай қызы, әлеуметтік желілерде Таотао Айма (Taotao Aima) ретінде танымал. Ол — блогер, модель және аттарға деген құмарлығын, этникалық эстетиканы және түрлі халықтарының мәдениеттеріне деген сүйіспеншілігін біріктіре алған атқа мінген бойжеткен.
- Источник:
taotaoaima
Таотао Қытайда туылған, алайда оның контентінің ортасында — қаланың қайнаған тіршілігі немесе шырқау өмір емес, ал табиғат, дәстүрлер және адамның жануарлармен қарым-қатынасы. Оны танымалдылыққа жеткізген жолы оның Instagram желісіндегі өз аттарымен түскен кадрлармен бөліскен жазылымнан басталған. Кейіннен атқа міну тақырыбына саяхаттаулар қосылды, ол блогтың бағытын түбегейлі өзгертті. Бүгінгі күгі @taotaoaima аккаунтын миллиондаған көрермендер бақылауда.
2024 жылы Таотао Қазақстанға алғаш рет келді — Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аясында. Онда ол көрермендерді өзінің атпен шабудағышеберлігімен таң қалдырды, дәстүрлі қазақ образдарын киіп көрді, ұлттық тағамдардан дәм татты және тіпті асық ойнады. Сол кезде ол аудиториясымен елдің мәдениеті мен қонақжайлығынан деген тамсанған әсерлерімен бөлісті.
- Источник:
taotaoaima
Бір жылдан соң Таотао Айман Қазақстанға оралды — бұл жолы «HK Kazakh Tourism» АҚ және Шығыс Қазақстан облысының туристік ақпараттық орталығының шақыруымен. Бірнеше апта бойы ол өңірдегі контентті белсенді түрде жариялауда. Өзінің сапарын ШҚО басшысымен ресми кездесуден бастады, ол жерде Қытайтуристік нарықта өңірдің танымалдылығын арттыруперспективасы талқыланды.
Сосын Таотао елдің ең көрікті әрі танымал мекендері бойынша саяхатқа аттанды. Ол аймақтың ең жүйрік аттарына тағы бір мәрте мініп, гүлдеп тұрған дала көріністерінің аясында жергілікті шабандоздармен әзіл ретінде жарысқа түсті. Әсіресе, Көлсай көлдері оны да, оқырмандарын да тәнті етті — табиғи қорықта түсірілген ғажайып бейнеролик 30 мыңға жуық лайк пен мыңға тарта тамсанған пікір жинады.