2024 жылғы 13 мамырда сот Бишимбаевтың ісі бойынша шешімін жариялады. Қазақстанның бұрынғы экономика министрін екі бап бойынша айыптады: ҚР Қылмыстық кодексінің 110 бабы 2 бөлігі 1 тармағы («Азаптау») және ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы 2 бөлігі 5 тармағы («Аса қатыгездікпен адам өлтіру»).
Судья Айжан Кульбаева сотталушыға үкімді оқыды: «Сот Бишимбаев Қуандық Уалихановичті Қылмыстық кодекстің 110 бабы 2 бөлігі 1 тармағымен, 99 бабының 2 бөлігі 5 тармағымен қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауда кінәлі деп танылсын және Қылмыстық кодекстің 110 бабы 2 бөлігі 1 тармағы бойынша — 7 жыл бас бостандығынан айыруға, Қылмыстық кодекстің 99 бабы 2 бөлігі 5 тармағы бойынша — 20 жыл бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалсын деп үкім шығарды. Қылмыстық кодекстің 58 бабы 4 тармағына сәйкес жазаларды ішінара қосу арқылы қылмыстардың жиынтығы бойынша Бишимбаевқа түпкілікті 24 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалсын».
Бишимбаев жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Бостандыққа шыққанда ол 68 жаста болады.
Еске сала кетейік, бастапқыда айыптаушы жақ өз жұбайын аса қатыгездікпен өлтірген бұрынғы шенеунік үшін өмір бақи бас бостандығынан айыру жазасын береді деп үміттенген. Үкім Салтанаттың туған күнінен екі күн бұрын жарияланды.