Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

50 жыл өте Францияда әйгілі қазақ фильмінің тұсауы кесілді

Француздық көрермен қазақ киносын қалай қабылдады?

4 декабря 2023

Парижде аптаның соңына дейін өтетін бесінші жыл сайынғы қазақ кинофестивалі ашылды. Бұл іс-шара француз астанасымен шектелмейді, өйткені көрермендер Францияның басқа үш қаласында, сондай-ақ Еуропа мен Африканың тоғыз елінде отандық фильмдердің көрсетілімі өтеді.

50 жыл өте Францияда әйгілі қазақ фильмінің тұсауы кесілді

Фестивальдің ашылуы аясында режиссер Сұлтан-Ахмет Қожықовтың 100 жылдығына орайластырылып, шетелдік көрерменге «Қыз Жібек» атты аңызға айналған картинасы ұсынылды. Француз көрермендерімен кездесу осы шедеврдегі басты рөлді орындаушы Меруерт Өтекешеваның қатысуымен өтті.

Фильмді тамашалаған «Такси» фильмінің жұлдызы — Сами Насери өзінің таңданысын жасыра алмады.

50 жыл өте Францияда әйгілі қазақ фильмінің тұсауы кесілді
50 жыл өте Францияда әйгілі қазақ фильмінің тұсауы кесілді

Меруерт Өтекешева

Источник:

әлеуметтік желі

«Фильмдегі костюмдер қандай керемет! Басты рөлді сомдаған Актриса біздің Кэтрин Денев, Эдит Пиафтан кем түспейді», — деді Насери Хабар 24-ке берген сұхбатында.

Меруерт Өтекешеваның өзі Еуропа жүрегіне келем деп күтпегенін жеткізеді:

«Мен осында боламын деп ойламадым. Бір жағынан, мен қуанамын, бірақ Төлегеннің жоқтығы менің қасымда құлазытады. Фильмнің режиссері Сұлтан Қожықов биыл 100 жылдығын атап өтер еді. Шығарма жарты ғасырдан кейін Францияда көрсетіледі деп ешкім ойламаған шығар.»