Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Black Eyed Peas қазақтың туын көкке көтерді. Видео

«Азия дауысы» фестивалі 19 жылдан кейін қайта оралуын дүркіретіп тойлады

31 июля 2023

Бір кездері Қазақстанның ең басты музыкалық фестивалі болған «Азия дауысы» қайта оралды. 20 жыл бұрынғы салтына сай, Алматы тауларының бөктерінде — «Медеу» мұз айдынында өтті. Биылғы фестивальдің үш күнге созылған бағдарламасы бірден түрлі бағыттағы әншілерді топтастырып, көрермендерге естен кетпес демалыс сыйлады.

Black Eyed Peas қазақтың туын көкке көтерді. Видео
Источник:
«Азия дауысы»

Алғашқы күні мұз айдынында қазақстандық эстраданың бүгінгі жұлдыздары өнер көрсетті. Атап айтсақ, Ерке Есмахан, Даке, ZAQ, Мирас Жүгінісов, Мархаба Сәби, Ғалымжан Молданазар, «Ирина Кайратовна» тобы және RaiM. Алғашқы күннің есте қалар тағы бір сәті — кеш дрондар шоуымен аяқталды.

Black Eyed Peas қазақтың туын көкке көтерді. Видео
Источник:
«Азия дауысы»

Екінші күн Алматы үшін айтулы оқиғаға айналған әйгілі Black Eyed Peas тобының концертімен есте қалды. Мұз айдынының айналасы жарты күнге қаптаған кептеліске толды. Нағыз шоуға айналған кешке қазақстандықтармен қатар, Қырғызстан және Ресей азаматтары келген.

Black Eyed Peas қазақтың туын көкке көтерді. Видео
Источник:
«Азия дауысы»

Көпшілік аттары аңызға айналған топ мүшелерінің Қазақстанға келуіне соңына дейін күмәнмен қараса керек. Алайда, шығармашылық ұжым толық құрамымен «Азия дауысы» сахнасында өнер көрсетті. Тек топ солисі Fergie-ді 25 жастағы J. Rey Soul атты әнші алмастырған.

Black Eyed Peas қазақтың туын көкке көтерді. Видео
Источник:
Legion Media

Мұхиттың ар жағынан келген қонақтар қазақстандық тыңдарманға барынша ықылас танытып, барлық хит әндерін ынта-шынтасымен орындады. Көк туға ерекше құрмет көрсетті.

Источник:
Marie Claire Kazakhstan

Топтың ең танымал мүшесі — Will.i.am. сахнада тұрып, өзінің Гарвардта Дулат есімді қазақ жігітімен бірге оқығанын айтып, көрермендерден оған сәлем жолдауын өтінді. Кейінірек Will.i.am-ның құрмет көрсеткен досы — қазақстандық кәсіпкер әрі меценат, «TAS GROUP»-тың негізін қалаушы Дулат Тастекей екені белгілі болды. Желіде екі достың қауышқан сәтінің видеосын көпшілік жарыса бөлісуде.

Black Eyed Peas қазақтың туын көкке көтерді. Видео

Ал фестивальдің үшінші күні «Ұрпақтар байланысы» атауымен ретро-концертке ұласты. Онда Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева өнер көрсетті. Ал шетелден келген хэдлайнерлер әйгілі «Ялла» тобы мен шведтік Secret Service тобы болды. Ең бастысы- «Азия Дауысы» сахнасында алғаш рет қатысушылар Александр Беляковтың жетекшілігімен al Jazz Simphony эстрадалық-симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетті.

«Азия даусының» қайта жандануына себепкер болған — белгілі кәсіпкер әрі медиаменеджер Арманжан Байтасов. Оның айтуынша, келесі жылдан бастап фестиваль салтына сай, байқау түрінде өтетін болады.