Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

«Сағындым»!!! Алматыда 2000-жылдардың үздік әншілері жиналды

Өткен жексенбі алматылық меломандар үшін ерекше кешпен есте қалды. Олай дейтініміз — Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының сахнасында көптен бері көрінбей кеткен, алайда әрбір тыңдарманның жүрегінде ерекше орны бар танымал әншілер өнер көрсетті

19 июля 2023

Sagyndym Fest 2000-2010 жылдардағы хит әндердің орындаушыларын бір сахнаға топтастырды. Олардың ішінде — «Бақай» тобы, Ерболат Құдайберген, «All Davay» тобының мүшесі — Шоқан Маратұлы, «Ringo», «101», «Domino», «DMX» және басқа да топтар бар. Хэдлайнерлер, бас-аяғы — 16 музыкалық ұжымнан жасақталған.

«Сағындым»!!! Алматыда 2000-жылдардың үздік әншілері жиналды
«All Davay» тобының мүшесі — Шоқан Маратұлы
Источник:
Sagyndym Fest
«Сағындым»!!! Алматыда 2000-жылдардың үздік әншілері жиналды
«Бақай» тобы
Источник:
Sagyndym Fest

Фестивальге келген 5000-ға жуық тыңдарманның дені — Тәуелсіздіктің құрдастары. Олар жастық шағының куәсі болған хит әндердің орындаушыларын ыстық ықыласпен қарсы алып, ерекше қошемет көрсетті. Алайда, арасында бүгінгінің жастары, тіпті, жасөспірімдер де көптеп жиналған. Бірнеше буынды байланыстырған, сөзсіз, музыканың күші. Олар барлық композицияларды дерлік әншілермен бірге шырқап, залды ерекше күйге бөледі.

Ерекше атап өткенді жөн көрдік — жиналған көпшілікпен қатар, әртістердің де сахнаны сағынғаны сезіліп тұрды, жылдап көрінбей кетсе де, әрқайсысы әрбір өлеңді бар ықыласпен орындап, кешті нағыз шоуға айналдырды.

Фестивальде болған Marie Claire Kazakhstan-ның шеф-редакторын ерекше сүйсіндірген сәт — кеш хэдлайнерлері фестивальге тыңғылықты дайындықпен келген. Бұл, әрине, тыңдарманға деген құрмет. Сыйға-сый, басымызды иеміз!

Мәселен, биыл 17-жылдығын тойлап отырған «Ringo» тобы 14 жыл бұрын өздерімен бірге өнер көрсеткен балақайды тауып әкеліп, сахнаға шығарды, бірге биледі, көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады. Биыл оның жасы 21-ге толған!

«Сағындым»!!! Алматыда 2000-жылдардың үздік әншілері жиналды
«Ringo» тобы
Источник:
Sagyndym Fest

Әндерімен қазақ жастарына ерекше рух пен жігер сыйлап ерекшеленген Ерболат Құдайберген, әрине, «Мен қазақпын», «Біздің жігіттер» сынды патриоттық әндерімен көк туды желбіретті, залды біраз шулатты. Желілерде концертте болған, болмаған қазақстандықтар әлі де алғысын жаудырып жатыр. Браво!

Ерболат Құдайберген «Мен Қазақпын» әні. Фестивальден үзінді
Источник:
Marie Claire Kazakhstan

Оған қоса, әншілерден кем түспеген бишілердің де еңбегін атап өту керек. Әр композицияның хореографиясын қызықты қойылымға айналдырып, кештің әсерлі өтуіне үлкен септігін тигізді. Дайындық үшін 10/10. Еңбектеріңіз жана берсін!

«Сағындым»!!! Алматыда 2000-жылдардың үздік әншілері жиналды
Азат Әбікен
Источник:
Sagyndym Fest

Cағындырған әншілерді бір кешке жинаған жоба авторы — шығармашыл жас продюсер Азат Әбікен. Өзінің айтуынша, фестиваль коммерциялық тұрғыдан ешқандай пайда әкелмейді. Бар мақсаты — жай ғана өзі, өзінің қатарластары тыңдап өскен орындаушыларды бір ортаға жинау. «Ал олардың шығармашылығы қайта жанданып жатса — онда осы маған нағыз жетістік», — дейді Азат. Оған қоса, әрине, продюсер ретінде қазақстандық мәдени кеңістікті дамыту, музыкалық саланың қазақстандық дарынды өкілдерін қолдау және танымал етуді өзіне міндет санайды.

Сөз соңында айта кетерлігі, алда Азат Әбікеннің ұйымдастыруымен алматылықтарды «Tebiren Fest»-пен ұзақ жылдардан кейін қайта оралған «Азия даусы» фестивальдері күтіп тұр.