Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Димаш жақсы жаңалығымен сүйіншіледі

13 июля 2023

Қазақтың біртуар баласы — Димаш ерекше даусымен әлем халқын бағындыра түсуде. Instagram желісіндегі парақшасында ол тағы бір жаңалығымен сүйіншіледі. Әншінің «Weekend» атты әні Еуропаның барлық музыкалық платформаларында шырқалып жүр.

Композиция түрік продюсері Бурак Йетермен бірге жасалған.

«Бурак Йетермен бірге біздің жаңа „Weekend“ әніміз Еуропада қойыла бастады. Көп ұзамай, барлық музыкалық платформаларынан тыңдай аласыздар», — деп жазды Димаш.

Источник:
@kudaibergenoov.dimash

Онымен қоса, 24 маусым күні Куала-Лумпурда берген жеке концертінен кейін қазақстандық әнші жайлы Малайзияның ең белді басылымдары жарыса жазуда.

Концертке арналған мақалалар 8 газет пен 25-тен астам интернет басылымдарында жарияланған. Телеарналар мен радиостанциялар жаңалықтарда қазақстандық өнерпаздың шоуы туралы сюжеттер ұсынды.

Димаш жақсы жаңалығымен сүйіншіледі
Источник:
@kudaibergenoov.dimash

25 Media, RTM, News Strait Times, Oriental Daily, 8TV, Harian Metro, News Strait Times, Berita Harian, MStar, Utusan TV, Murai.MY, Media Permata, KpopMalaysian, Maestro, Media MY және т.б. малайзиялық атақты интернет порталдар.

News Strait Times, Berita Harian, Harian Metro, MStar, Oriental Daily, Sin Chew Daily, China Press, Utusan газет басылымдары.

National TV1 (RTM National TV: Malay) TV2 (RTM National TV: Mandarin), 8TV (Astro) арналары мен Melody FM радиостанциясы.

Ал осыған дейін Димашқа Малайзия елінде медаль табысталған болатын.