Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

«Дәстүр» фильмінің кассалық кірісі бір аптада бір миллиардтан асқан

Әлеуметтік тақырыптағы хоррор көрерменді бей-жай қалдырмады

9 января 2024

«Дәстүр» фильмі кассалық кіріс бойынша жаңа рекорд орнатты. Отандық прокатқа шыққан бірінші аптаның өзінде кинотуындының табысы бір миллиард теңгеден асқан. Авторлары ел кинотеатрларында аншлаг екенін хабарлайды.

«Дәстүр» фильмінің кассалық кірісі бір аптада бір миллиардтан асқан

Алайда, фильм көпшілік көрерменнің көңілінен шыққанымен, сынға алып жатқандар да баршылық. Осы орайда, еске сала кетсек, «Дәстүр» — зорлық-зомбылық тақырыбын қозғайтын алғашқы қазақстандық хоррор. Толықтай қазақ тілінде түсірілген.

Тағы бір ерекшелігі — дін тақырыбын да тереңірек қозғайды. Қоғамдағы өршіп тұрған мәселелердің бірін тың жанрда, аздап әсіреленген эпизодтармен суреттейді. Біздің ойымызша, бұл тұстағы авторлардың көзқарасы да түсінікті — осы күнге дейін тасада қалып келетін өткір мәселеге назар аударту оңай болмаушы еді.

Тағы қосарымыз, қазақстандық, оның ішінде, қазақ тілді фильмдердің беделі өсіп келетініне, әрине, қуанамыз. Қазақ киносымен бірге көрерменнің де талғамы мен пайымы өскендігін көрсетеді.