Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

«Міржақып. Оян, қазақ!» драмасы кассалық кіріс бойынша көш бастап тұр

Киноға деген қызығушылық, әсіресе, соңғы аптада өскен

20 октября 2023

Қоғамда резонанс тудырған «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің соңғы аптадағы кассалық кірісі 107 млн теңгені құраған.

Кинотуындыға деген сұраныс, әсіресе, соңғы аптада артқан. Фильм 12-15 қазан арылығында кассадан 107 067 000 теңге жинаған. Бұл туралы kursiv.kz жазады.

«Міржақып. Оян, қазақ!» драмасы кассалық кіріс бойынша көш бастап тұр

Фильм экранға 21 қыркүйекте шығып, 4 қазаннан кейін алынып тасталуы керек болған. Бірақ оның еш себепсіз экрандардан алынуына қазақ қоғамы қарсы шықты. Алғашқы аптада бұл туынды 19 млн теңгемен 8 орында тұрған. Ал қоғамда резонанс туған соң кассалық кіріс көлемі ақырындап арта бастаған. Атап айтқанда, 5-10 қазан аралығында фильм 6 орынға көтеріліп, 30 млн теңге табыс тапқан. Ал соңғы аптада рекорд жасап, көрсетілім бойынша 1 орынға бірақ шықты.

Еске сала кетсек, бұл фильм үлкен экранда екі апта көрсетілген соң, «Qazaqstan» ұлттық арнасы туындыны экрандардан алып тастау туралы шешім қабылданды. Бірақ көп көрермен жинап үлгерген «Міржақыптың» экрандардан ерте кетуіне халық қарсы болды. Нәтижесінде туынды көрсетілімі тағы бір аптаға созылды.

Осыған дейін фильмнің айналасындағы шу туралы министр Балаева пікір білдірген болатын.