Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды

Брисбенде өткен жарыста Қазақстанның жарық жұлдызы әлемнің екінші ракеткасын жеңе білді

8 января 2024

Жаңа жылды Қазақстанның жұлдызды теннисшісі ерекше жеңіспен бастады. Австралиядағы Брисбенде өткен WTA турнирінде Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасын жеңіп, рейтингте төртінші сатыдан үштікке көтерілді. Осыған дейін бұл титул американдық теннсиші — 19 жастағы Коко Гауфқа тиесілі болып келді.

Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды
Источник:

@wta

Турнир барысында Рыбакина 5 бірдей теннис жұлдызын жеңді: Оливия Гадеки, Элиза Мертенс, Анастасия Попова, Линда Носков және топ-үштікке кіретін Арина Соболенко. Нәтижесінде қазақстандық теннсиші қосымша +455 ұпай жинады.

Ига Швентек үштіктің көшін бастап тұр. А үздік ойынымен қатар, шулы реакциясымен танымал белорусь ойыншысы Арина Соколенко әлемдік рейтингте үшінші орнын сақтап қалды. Сонымен қатар, қазақстандық теннисшіні марапаттау сәтінде көпшілік алдында қалжыңдап үлгерді. Рыбакинаның сөзін бөліп, «құттықтаулар керек емес» деп қайырды. Алайда, Елена Рыбакина «Арина не деп айтса да, бүкіл команданы құттықтаймын» деп сөзін жалғастырды.

Ал, жеңіс құтты болсын! Рыбакина үшін үштіктің алдыңғы орнының аулы алыс емес деп сенеміз!