Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Айсұлтан Сейітовтың «ҚАШ» фильмі Шанхай халықаралық кинофестивалінің номинациясына ілікті

Толық метрде бұл жас әрі танымал режиссердің дебюттық туындысы

5 июня 2023

«ҚАШ» фильмі 2022 жылы көрермендердің көп күткен фильмдерінің бірі болды. Бұл жастайынан талантымен шетелді бағындырған режиссер Айсұлтан Сейітовтың танымалдылығымен байланысты болса керек.

Басты рөлдерді Еркебұлан Дайыров пен Евгения Морева сомдайы. Қазақ даласындағы ең ауыр кезеңдердің бірін бейнелеген этно-хоррор көпшілікті бей-жай қалдырмағаны анық. Фильм IMDB платформасында 10-нан 8,9 ұпай жинаған.

Араға жарты жыл салып, Айсұлтан кинокартинаның Шанхай халықаралық кинофестивалінің номинациясына іліккенін хабарлады.

Енді алғашқы толықметрін таныстыру үшін шығармашылық тобымен Қытай еліне аттанады.  

Бұл Айсұлтанның алғашқы халықаралық кинофестивалі емес. Бұған дейін ол алғашқы қысқа метрлі картинасымен «Hollywood Boulevard» кинофестивалінде –«Үздік режиссер» номинациясын жеңіп алған болатын. Режиссерға алдағы байқауда белестен көрінуің тілейміз.