Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Эмоционалды абьюзерді қандай сөз орамдары білдіреді?

Оларды қалай ажыратуға және қалай күресуге болады?

30 марта 2024

Морозова Татьяна әңгімелейді, психолог, «Психодемия» психологиялық мамандықтар онлайн мектебінің сарапшысы (Ultimate Education білім беру холдингінің құрамына кіреді)

Эмоционалды абьюзерді қандай сөз орамдары білдіреді?
Источник:

Pexels

«Менің бастығым/құрбым/досым нағыз эмоционалды қанішер! Сөйлесіп болған соң өзімді әлсіреген болып сезінемін» — осындай сөз оралымдарын біз кей кездері жақындарымыздан естиміз немесе өзіміз айтамыз.

Кейде адаммен сөйлескеннен кейін сезімдерін екіжақты және бір мағыналы еместігін түсіну қиынға соғады. Ол күлімдегендей болды, сырт келбеті тартымды, тіпті бізге сүйкімді болуы мүмкін… алайда онымен әңгімелесу бізді толықтырмай, керісінше құлазыған сезімді сезінуге мәжбүрлегендей болады.

Физикалық зорлықты қадағалау жеңіл. Ал эмоционалды зорлық шегінің басталуын түсіну — қиынға түстін мәселе. Сөзбен немесе өткір сөз орамымен соққан соққы денеде іздерін қалдырмайды, алайда сіздің психикалық жағдайыңызда қалған тыртықтар ауырмай қоймайды. Ал олардың салдары көбінесе ауыр және ұзақ болып келеді.

Сонда күнделікті өмірде қандай қарапайым сөз орамдары эмоционалды зорлық туралы белгі береді?


1. «Сен ешқашан дұрыс жасай алмайсын!» / «Қара, Машаның күйеуі себепсіз гүл сыйлайды, ал сен тек телевизор көруді ғана білесін!» / «Мақтасан, тек бүлдіресін»

Егер қарым-қатынаста сіз әрдайым күш-жігеріңізді, талпыныстарыңызды және жетістіктеріңізді серіктесіңіз қолдамай, керісінше бағаланбаған жағдайына дұшар болсаңыз, онда бұл — эмоционалды зорлық маркері.

Егер сондай сынағанды жақсы көретін серіктестің өзі сіз болсаңыз, онда жақын адамыңыз алыстай бастағанын белгілі бір сәтте байқағанда таң қалмаңыз. Тіпті қатынастан бейнелі түрде (жағдайға байланысты, басқа қатынастарға және т.б.) немесе физикалық түрде қашады (қатынастардан жай кетіп қалады).

2. «Менің икемсізім!» / «Менің тоқашым!» / «Менің ақымағым!»

Жанға тиетін сипаттағы немесе сізге ауыр болатын сөздері бар кез келген қошамет сөздер эмоционалды зорлықтың формасы болуы мүмкін.

Сіз жақын адамыңызға бұл сізді ренжітетіндігін айтқан жағдай қызыл жалау болып есептеледі. Бірақ ол оны жасауды тоқтатпайды, керісінше бұл әзіл екендігін айтады және сіз өте сезімтал немесе әсерлі жансыз деп айтады.

3.  «Көйлек өте тамаша! Аяқтарыңды жабатындай сәл ұзынырақ болғанда!» / «Сенің сөйлеген сөзін керемет болды! Бірақ шешендік өнерде аздап жаттығу қажет!»

Егер сіз өз еркімен сын немесе адамның объективті ойын айтуды сұрамасаңыз, барлық «қос түбімен» айтылған қолпаштау сөздер эмоционалды зорлықтың формасы болып табылады.

Бұның қауіптілігі сіз ол адамға қарсы ештеңе айта да алмайсыз. Себебі сөз орамының бірінші бөлігінде ол шынымен сізді қолпаштап тұр. Алайда сөз орамының екінші бөлігінде құнсызданған немесе пассивті-агрессиялық сынау айтылған сөз филиграны қосылған.

Егер сіздің жақыныңыз сізге бұндай нәрселерді жиі айтса, онда белгілі бір мезетте бұл сіздің өз өзіңізді қабылдауға және өз өзіңізді бағалауға айтарлықтай ықпал етуі мүмкін.

4. «Сен барлығын дұрыс түсінбедін / ойдан шығардын!» / «Мен саған айтып едім ғой, сен қайтадан бәрін ұмыттын!»

(сіз шынымен бәрін дұрыс еске сақтаған жағдайда немесе ол адам сізге шындығында ештеңе айтпаған жағдайда).

Газлайтинг — абьюзер құрбанын өз сөзіне күмәндануға мәжбүрлейтін эмоционалды зорлықтың формасы. Сіздің ұмытшақтығыңыз туралы комментарий — бұны жасаудың кең таралған және тиімді әдістерінің бірі.

5. «Сенде қайтадан етекір алды синдромы басталды ма?» / «Сен тіпті күйгелексің/сезімталсың!» / «Сен бәрін тым эмоционалды түрде қабылдайсын!» / «Сен — қояншықсын!»

Сіздің эмоцияларыңызды құнсыздандыратын кез келген коментарий ол да эмоционалды зорлаудың формасы болып табылады. Шындығына келсек, ол газлайтингтың бір формасы. Осылайша эмоционалды зорлаушы көп жағдайда құрбанның назарын өзі жасаған нақты жарамсыз немесе дұрыс емес қылықтардан басқа жаққа бұрады.

6. «Мен сен үшін қаншама нәрсе жасадым, ал сен…» / «Негізінде мен бұның бәрін біз үшін жасап жатырмын»

Серіктеске кінәлі сезімін туғызатын эмоционалды зорлаудың формасы. Сондай-ақ, нақты бір қылықтарды талқылаудан, мүмкін, сіздің наразылығыңыздан қашу әдісі.

7. «Егер сен жай …, онда мен ашуланбас/ренжімес/шөп салмас едім және т.б.»

Адам өзінің сезімдері үшін жауапкершілікті жақынына ауыстыратын эмоционалды зорлықтың формасы.

Әдетте құрбан бұндай жағдайда өзін кінәлі сезінеді, өзінің мінез-құлқын өзгерткісі келеді. Және болашақта солай жасауға тырысады.

Алайда, қатынастардағы бар нағыз проблемалар ешқалай шешілмейді және одан сайын ұлғая түседі.

Кейде біз бәріміз өзіміздің жақындарымызға айтарлықтай өткір және мұқиятсыз айтылған сынауларға жол беретіндігіміз туралы ұмытпауымыз керек. Әрбір адам кейде қатты шаршаған немесе көңілсіз болады және жақсы көретін адамын бейсаналық түрде ренжітуі мүмкін.

Алайда, егер сіз бұндай сөз орамдарымен үнемі соқтығысатын болсаңыз, онда менің жанымда шынымен менің эмоционалды жағдайымды ойлайтын адам ба және оның жанында маған жайлы ма деп ойлану қажет.