Ваш браузер устарел, поэтому сайт может отображаться некорректно. Обновите ваш браузер для повышения уровня безопасности, скорости и комфорта использования этого сайта.
Обновить браузер

Тарихта алғаш рет Түркияның Орталық банкінің басшысы болып әйел тағайындалды

Ол Tiffany & Co компаниясының Директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі болса керек-ті. Жергілікті баспасөз оның көріктілігін ерекше атап өтеді

14 июня 2023

Бұл лауазымға 41 жастағы Хафизе Гайе Эркан ие болды, деп жазады Financial Times.

Мақала авторының айтуынша, Режеп Ердоғанның Эрканды тағайындау туралы шешімі оның бағаның күрт өсуіне және лираның құлдырауын рекордтық деңгейге жеткізген ақша-несие саясатының бұрынғы бағытынан бас тартуға дайын екенін білдіруі мүмкін.

Хафизе Гайе Эркан – Принстон университетінің түлегі және тәуекелдерді басқару бойынша сарапшы. Принстоннан кейін Гарвард бизнес мектебінде басқару және Стэнфорд университетінде көшбасшылық бойынша білім беру бағдарламаларынан өткен.

Эркан Merrill Lynch және Tiffany & Co компанияларында Директорлар кеңесінің мүшесі болған. Ол сегіз жылға жуық First Republic Bank-те қарапайым маманнан жоғарғы басшылыққа дейін өскен. Сондай-ақ Goldman Sachs Group Inc компаниясында жетекші лауазымды атқарған. Баспасөзде Эрканның мансаптық жетістіктерінен басқа, оның көрікті келбеті ерекше атап өтіледі.

Эркан соңғы төрт жылда Түркия Орталық банкінің бесінші басшысы болады.